Есть ответ 👍

Нормы, устанавливающие план-график, должны очень четко формулировать цели построения общих пространств

154
305

Ответы на вопрос:


Правильные ответы к тесту выделены
Тест  прошел проверку
ставим +1 к ответу)

Атлах шайқасының тарихи маңызы болды ма?

Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды.  Шайқас  қарсаңында  749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін  халифат  бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері  Шығыс Түрік қағандығының  әлсірегенін пайдаланып, Талас  өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан т үргештер  мен  қарлұқтар  араб халифаты әскерінің көмегіне суйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 7 51 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды.  Қытай  қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан  Тан  армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айрылды. Бұл өз кезегінде түркілердің  Ислам  өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.

І Картамен жұмыс.

1.Картада түркі қағанаттарын орналастырып жазыңдар.

Популярно: Другие предметы